Қоғам

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

Бүгін, 30 қаңтар таңғы уақытта Алматыда екі рет жер асты дүмпуі болды.

Бұл жағдайды «Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлтттық ғылымт орталығы» тіркеген.

Бірінші рет сағат 03:03 кезінде болды.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қытай аумағында. Афтершок.

Зілзаланың энергетикалық санаты — 10.5. MPV магнитудасы — 4.5. Тереңдігі — 10 шақырым.

Алматыда сезілген жоқ.

Екіншісі таңғы 04:27 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде, Қытай аумағында тіркелді.

Энергетикалық санаты — 13.3. MPV магнитудасы — 5.8. Тереңдігі — 10 шақырым.

Жер сілкінісіқала тұрғындарына 2 балл көлемінде сезілді.

 

TuraNews

Back to top button