Орталық Азия сауда форумы – өңірдегі ынтымақтастықты, кәсіпкерлікті және сауда саясатын дамытуға ықпал ететін ірі сауда шарасы.
Азия, Еуропа, Таяу Шығыс, Ұлыбритания, АҚШ елдерінің 300-ден астам бизнес басшылары мен мемлекеттік қайраткерлері Орталық Азиядағы сауданы ілгерілету жолдарын үйрену үшін Алматыда кездесті.
Осы жылғы форум жаңа сауда мүмкіндіктері мен шетелдік нарықтарды ашуға бағытталған, соның арқасында қатысушылар өңірлік сауданың келешегін анықтап, ауқымын кеңейте алады. Форум шеңберінде кедендік жүйені цифрландыру, көлік және логистика, сауданы реттеу (өңірлік сауда келісімдерін қоса алғанда), дүниежүзілік сауда ұйымы мен үйлестіру стандарттары бойынша сессиялар көзделген.
«Біз он жылдан астам уақыт бұрын сауда ынтымақтастығын арттыру тұрақты, гүлденген және өзара байланысты Орталық Азияны құра алады деген сеніммен дүниеге келген осы форумды қолдайтынымызды мақтан тұтамыз», — деді Вашингтон қаласынан келген USAID әкімші көмекшісінің аға орынбасары Зейнах Салахи форумда сөйлеген сөзінде.
Орталық Азия сауда министрліктері келісім-шарттарға 32 млн АҚШ долларынан астам сомаға қол қоюға ықпал етті және құрылғаннан бері әлемнің 25 елінен 10 мыңнан астам мемлекеттік және бизнес көшбасшыларын қабылдады.