Мәдениет

Алматы қуыршақ театры әлемді бағындыруда

2024 жылы Мемлекеттік қуыршақ театры Оттавада (Канада) өткен халықаралық фестивальде бас жүлде жеңіп алды.

Сонымен қатар, Батумиде (Грузия) «Үздік режиссерлік идея» және Гроднода (Беларусь) арнайы дипломмен марапатталды, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Театр шетелге гастрольдік сапармен шығып қана қоймай, Алматыны халықаралық мәдени ынтымақтастық орталығына айналдыруда. 2023-2024 жылдары мұнда «Almaty Puppet Festival» өтіп, Польша, Грузия, Түркия, Чехия және т.б. елдердің ұжымдары қатысты.

2024 жылы Мемлекеттік қуыршақ театры Оттавада (Канада) өткен халықаралық фестивальде бас жүлде жеңіп алды.

Былтыр театр бес жаңа қойылымның тұсауын кесіп, көрерменнің көңілінен шықты. Атап айтсақ, «Чемпион», «Етік киген мысық» және «Қар ханшайымы» спектаклі. Ал «Макбет. Иллюзия» қойылымы Грузия көрермендерінің жүрегін жаулап, 1000-нан астам адамды жинады.

Source
dknews.kz

TuraNews

Back to top button