Алматы облысының орталығын газдандыру жалғасуда: елді мекендердің жартысынан көбі көгілдір отынмен қамтамасыз етілген
Алматы облысында газдандыру бағдарламасы аясында 2024 жылдың соңына қарай газдандыру деңгейі 52,8 пайызға жетуі тиіс. Бағдарламаға енгізілген 284 елді мекеннің 142-сі (50%) көгілдір отынмен қамтамасыз етілген.
Қазіргі уақытта 1,18 миллион адам газға қол жеткізді, бұл облыс халқының 72 пайызын құрайды. «Алматы-Байсерке-Талғар» магистральдық газ құбырының ұзындығы 64 шақырымды құраса, «Байсерке АГРС-тен Қапшағайға дейін ұзындығы 18,3 шақырым болатын газ құбырының учаскесінің құрылысы аяқталды.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері арқылы жалпы құны 2,729 млрд теңгені құрайтын төрт ірі жоба жүзеге асырылып, 14,1 мың адам көгілдір отынға қол жеткізді.
2024 жылы 28 жаңа жобаны жүзеге асыруға 11,1 млрд теңге бөлінді, оның 6,06 млрд-ы игерілді. Сондай-ақ, 40 жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 1,34 млрд теңге, оның ішінде Қонаев қаласындағы сегіз іс-шараға 750,8 млн теңге бөлінді.
Сондай-ақ, 2030 жылға қарай қалған 134 елді мекенді қамтитын «Алматы облысының өңірлік газдандыру схемасы» бойынша облысты толық газдандыруды аяқтау жоспарлануда.