ҚоғамЭкономика

Алматы облысының инвестициялық тартымдылығының жоғары деңгейі

Қытайдың Іле-Қазақ автономиялық облысының іскерлік бірлестігінің 70 өкілі қазақстандық кәсіпкерлермен екіжақты ынтымақтастық құруға қызығушылық танытуда.

Алматы облысының әкімдігінде жиын өтіп, онда өзара тиімді ынтымақтастық пен экономиканың түрлі салаларындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асырудың келешегі талқыланды.

Туризм, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларына ерекше көңіл бөлінді. Кездесуге қатысушылар серіктестікті кеңейту және осы салаларды дамытуға бағытталған нақты бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

ШҰАР Сауда-өнеркәсіп палатасы басшысының орынбасары Тұрсынжан Мұхатұлы өз сөзінде, Алматы облысының кәсіпкерлері мен Қытайдың Іле-Қазақ автономиялық аймағы бизнес-қауымдастығы өкілдері арасындағы ынтымақтастықтың келешегі зор екеніне сенім білдірді. Ол өңірдің инвестициялық тартымдылығының жоғары деңгейі экономиканың түрлі салаларында, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қолайлы алаң туғызатынын баса айтты. Тұрсынжан Мұхатұлы өңірде туризм, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларының белсенді дамуы, инвестиция мен өзара тиімді ынтымақтастыққа кең мүмкіндіктер беретінін де атап өтті.

Өз кезегінде Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Айбар Теменов, Қазақстан мен Қытай арасындағы ұзақ мерзімді қарым-қатынастардың жоғары деңгейін, табысты жүзеге асырылған жобалардың санымен расталғанын атап өтті.

— «Жыл сайын өзара тиімді байланыстар нығая түсуде, бұл ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және екі елдің бизнесі мен экономикасы үшін жаңа перспективалық мүмкіндіктер жасауға ықпал етеді. Алматы облысы мен Қытайдың Іле-Қазақ автономиялық облысы арасындағы әріптестікті өзара кеңейту, аймақтар арасындағы экономикалық байланысты нығайтуға септігін тигізетініне сенімдімін», — деп түйіндеді Айбар Теменов.

TuraNews

Back to top button