БастыМәдениет

Алматы облысында «Тайқазан – 2026» байқауы басталды

Алматы облысында «Тайқазан – 2026» кәсіби шеберлік фестивалі басталды. Шараны облыстық Білім басқармасының қолдауымен «Қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі» ұйымдастырды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фестивальге Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Павлодар, Маңғыстау, Қызылорда, Абай, Жетісу облыстары және өзге де өңірлерден 100-ден астам өтініш түскен. Қатысушылар аспаздық шеберлік, тігін және дизайн саласында түрлі номинация бойынша сынға түсуде. Заманауи стильді ұлттық ерекшелікпен байланыстыру – маңызды талаптардың бірі.

Қатысушылардың жұмысын Франция, Түркия, Египет, Италия, Ресей, сондай-ақ ТМД елдерінен келген халықаралық сарапшылар бағалайды.

Фестиваль студенттердің кәсіби құзыретін дамытуға және заманауи білім беру тәжірибелерін енгізуге оң ықпал етеді. Байқау жеңімпаздары 10 сәуір күні белгілі болады.

 

TuraNews

Back to top button