Қоғам
Алматы облысында пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылық жерлерін анықтау және қайтару жұмыстары қарқынды жүруде
Жыл басынан бері 62 материал (24 009 га) Жер ресурстарын басқару департаментіне жіберілді.

Апта ішінде (03-07 маусым) салықты 20 есеге арттыру бойынша Жер ресурстарын басқару департаментіне 19 учаске (3345 га) анықталып, 5 материал (431 га) жолданды.
Жыл басынан бері 62 материал (24 009 га) Жер ресурстарын басқару департаментіне жіберілді.
Жер комиссиясының 3 отырысы өткізіліп, онда өтініштердің 72% кері қайтарылды.
Жыл басынан бері 23531,7 гектар жер өз еркімен қайтарылса, 30525,53 гектар жер сот арқылы қайтарылды.
Қайтарылған жердің жалпы көлемі 54 057,23 гектарды құрайды.
Қосымша:
- Жалдау шарттарының сақталуына бақылау жүргізіледі.
- 4 жер учаскесі (1669 га) бойынша сотқа талап арыздар берілді.
Қазіргі таңда 51 учаске (24447,31 га) сотта қаралуда.
Жалпы облыста ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану тиімділігін арттыру бойынша, белсенді шаралар қабылдануда.