Қоғам

Алматы мен Алматы облысының аумағында есірткі таратқан интернет-дүкеннің қызметі тоқтатылды

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында есірткіні байланыссыз тәсілмен таратумен айналысқан интернет арқылы жұмыс істейтін заңсыз есірткі дүкенінің қызметі тоқтатылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыстық топтың 11 қатысушысы, оның ішінде ұйымдастырушылар, операторлар және заңсыз қызметті қаржылық сүйемелдеуді қамтамасыз еткен тұлғалар ұсталды.

Заңсыз айналымнан шамамен 3 келі синтетикалық есірткі заттары, сондай-ақ қылмыстық схеманы үйлестіру үшін пайдаланылған байланыс құралдары, банк карталары және цифрлық тасымалдағыштар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Интернет арқылы есірткі сататын дүкендер мен есірткі өткізудің заңсыз арналарының жолын кесу бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр.

 

TuraNews

Back to top button