БастыТуризм

Алматы ең үздік туристік бағыттар тізіміне енді

Әлемдегі белді басылым New York Times Алматыны үздік туристік қаланың бірі деп есептейді. Газет жылдағы дәстүр бойынша биыл баруға тұрарлық 52 жердің тізімін жариялады. Алматы 25 орында орналасқан, деп хабарлайды TuraNews.kz Хабар телеарнасына сілтеме жасап.

Турист көп баратын Австриядағы Вена мен Мысырдағы Хургададан жоғары.

Қазақстан мегаполисі – Орталық Азиядан тізімге енген жалғыз қала. Басылым мегаполисте 2 млн халық тұратынын, елдегі халық ең көп қоныстанған аймақ екенін жазыпты. Тыныш, соған қарамастан тіршілігі қайнаған шаһар деп бағалаған.

Әсіресе мәдени орталықтар мен тағамдардың әралуандығына ерекше екпін беріпті. АҚШ азаматтары Қазақстанда 30 күнге дейін визасыз бола алады.

Еліміздің Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, өткен жылдың 9 айында АҚШ келетін туристер саны 54% артқан.

Грейс Клунуцке, Вашингтон қаласының тұрғыны:
— Менің ойымша, бұл баруға тұрарлық ерекше орын. Міндетті түрде бір күні барамын. Мен оның Азияда екенін және өте әдемі жер екенін білемін. Бұл тамаша сапар болады деп ойлаймын. Менің ойымша, New York Times өте беделді басылым, сондықтан ондағы мақалаларға назар аударамыз.

Лин Смит, Вашингтон қаласының тұрғыны:
— Мен Қазақстанға барғым келеді, мәдениетімен, асханасымен танысқым келеді. Ол жерге турист ретінде бару өте қызық болар еді.

 

TuraNews

Back to top button