Экономика

Алматы әуежайына жаңа басшы тағайындалды

Алматы халықаралық әуежайының жаңа президенті болып Гокер Косе тағайындалды. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы халықаралық әуежайы 5 маусымда 2021 жылдың маусым айынан бастап Алматы әуежайының басшысы болып табылатын Алып Эр Тунга Эрсойдың 16 маусымнан бастап қызметінен кететінін мәлімдеді.

Әуежайдың жаңа президенті болып Гокер Көсе тағайындалды.

«Г. Көсенің операциялық басқару, жоспарлау, инвестициялау, қаржылық менеджмент және әуежай қызметінің тиімділігін арттыру саласында 20 жылға жуық тәжірибесі бар. Ол 2005 жылы TAV Airports холдингі кезінде әуежай командасы қатарына келіп қосылды. Азаматтық авиация мен әуежайлар менеджменті және басқару саласында тағылымдамадан өткен.  Анкарадағы Эсенбога жаңа әуежайының пайдалану дайындығы бағдарламасын (Оperational Readiness and Airport transfer, ORAT) енгізу процестеріне қатысқан», делінген әуежай мәлімдемесінде.

 

TuraNews

Back to top button