БастыСаясат

Әлихан Смайылов Бакуде Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоқтарын қойды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Баку қаласында Әзербайжан халқының жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Turanews.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов Гейдар Әлиевтің зайыбы Зарифа Әлиеваның бейітіне де гүл шоқтарын қойды.

Құрметті адамдар жерленген аллея Баку қаласының таулы бөлігінде орналасқан. Мұнда Әзербайжан елінің көптеген көрнекті ғылым және мәдениет қайраткері, саясаткерлері, қоғам қайраткерлері жерленген.

Еске сала кетейік, Үкімет басшысы ресми сапармен Баку қаласында жүр.

TuraNews

Back to top button