
Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Тәжікстанға барады және құрметті қонақ ретінде Душанбеде 14-15 қыркүйекте өтетін Орталық Азия елдері басшыларының кездесуіне қатысады, деп жазады Turanews.kz Uza.uz агенттігіне сілтеме жасап.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің өкілі мәлімдеген.
Іс-шара бағдарламасына сәйкес, И.Әлиевтің Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен екіжақты кездесуі және Орталық Азия елдері басшыларының саммитінде сөз сөйлеуі жоспарланған.