БастыТехнологияЭкономика

Алғашқы үш айда 51 цифрлық майнинг ұйымы өз қызметі жайлы есеп ұсынды

Биыл үш айда цифрлық майнинг саласында жұмыс істейтін 51 ұйым өз қызметі туралы есеп ұсынған. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап Turanews.kz  хабарлайды.

«Биыл 27 сәуірдегі жағдай бойынша 258 ұйым цифрлық майнинг саласындағы қызметтің басталғаны туралы және 57 ұйым цифрлық майнинг өндірісіне арналған инфрақұрылымды ұсыну туралы ресми түрде министрлікті хабардар етті. Сондай-ақ 51 ұйым 2023 жылдың І-тоқсаны бойынша тоқсандық ақпаратты жіберді», — делінген ведомствоның есебінде.

Майнинг саласында жұмыс істейтін компаниялардың толық тізімін мына сілтеме бойынша өтіп, көруге болады.

Айта кетейік, биыл 260 цифрлық майнинг ұйымы өз қызметін бастаған болатын.

TuraNews

Back to top button