ӘлемДенсаулық

Әлемде COVID-19 вирусынан қайтыс болғандар саны 95% азайды

Кеше, 26 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры доктор Тедрос Гебрейесус жыл басынан бері коронавирустан қайтыс болғандар саны 95 пайызға азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Turanews.kz БҰҰ жаңалықтарына сілтеме жасап.

Бұл ретте ол вирустың әлі де үлкен қауіп төндіретінін ескертті.

«COVID-19 вирусынан қайтыс болғандар санының үдемелі төмендеуі бізді қатты жігерлендірді. Бірақ жаңа XBB.1.16 нұсқасының пайда болуы, вирустың әлі де өзгеріп жатқанын және ауру мен өлімнің жаңа толқындарын тудыруға қабілетті екенін танытып отыр», — деді Тедрос Адханом Гебрейесус.

Ол осы жылы ДДҰ-ның коронавирусқа байланысты халықаралық төтенше жағдай тоқтады деп жариялайтынына үміт білдірді.

«Алайда, бұл вирус ешқайда кетпейді және барлық елдер онымен басқа жұқпалы аурулармен қатар күресіп үйренуі керек», — деді ДДҰ бас директоры.

TuraNews

Back to top button