Әлем халқының саны өсу қарқыны төмендегенімен 8 миллиардтан асты.
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мәліметтері бойынша, әлем халық саны 1999 жылы 6 миллиардқа, 2011 жылы 7 миллиардқа, 2022 жылы 8 миллиардқа жеткен.
БҰҰ Халық қорының (UNFPA) «2023 жылғы дүниежүзілік халық санының жай-күйі туралы есебіне» сәйкес, қазіргі көрсеткіш 8 миллиардтан асты.
Есепке сәйкес, әлемдегі халқы ең көп ел 1 миллиард 428 миллион 600 мың адаммен Үндістан болды. Үндістаннан кейін 1 миллиард 425 миллион 700 мың адаммен Қытай және 340 миллион халқымен АҚШ тұр.
Адамның орташа өмір сүру ұзақтығы ерлерде 71 жыл, ал әйелдерде 76 жас екені анықталды.
UNFPA мәліметтері бойынша, әлем халқының көбеюі 8 елде шоғырланады деген болжам бар. Бұл елдер — Конго Демократиялық Республикасы, Мысыр, Эфиопия, Үндістан, Нигерия, Пәкістан, Филиппин және Танзания.
Түркия 85 миллион 279 мың 553 халқымен 194 елдің арасында 18-ші орында тұр.
БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаментінің (UNDESA) «Әлемдік халық санының 2022 жылғы перспективалары» есебіне сәйкес, әлемде 2030 жылы 8,5 миллиард, 2050 жылы 9,7 миллиард, 2100 жылы 10,4 миллиард халық тұрады.