Спорт
Александр Шевченко Индиан-Уэллстегі турнирді жеңіспен бастады
Қазақстанның екінші ракеткасы қарсыласын 6:3, 1:6, 7:6 (7:3) есебімен жеңді.
АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында «Мастерс» сериясы бойынша турнир басталды. Қазақстандық теннисші Александр Шевченко жекелей сында бірінші айналымда Германия өкілі Доминик Кепферді ұтты.
Қазақстанның екінші ракеткасы қарсыласын 6:3, 1:6, 7:6 (7:3) есебімен жеңді.
Матч 2 сағат 12 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Шевченко жеті эйс пен алты қос қателік жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Ал Копфер жеті эйс пен үш қос қате жасап, 11 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.
Шевченко екінші айналымда аргентиналық Франсиско Серундоломен ойнайды.