БастыСпорт

Александр Бублик тұңғыш рет АТР 500 турнирінің жартылай финалына шықты

Әлемнің 48-ші, Қазақстанның алғашқы ракеткасы Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан АТР 500 сериялы турнирінің жартылай финалына шықты, деп жазады Turanews.kz BasSport.kz порталына сілтеме жасап.

Ширек финалда ол әлемнің тоғызыншы ракеткасы Янник Синнермен ойнады. Екінші сетте жарақатына байланысты италиялық теннисші матчты тоқтатты. Ол кезде есеп Александрдың пайдасына 7:5, 2:0 еді.

Галледегі турнирдің жартылай финалында қазақстандық Александр Зверев (Германия) — Николас Джаррим (Чили) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Бублик ATP турнирінің жартылай финалына соңғы рет 2023 жылдың ақпанында Марсельдшықты. Өкінішке қарай, финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде поляк Губерт Харкачқа жол берді.

TuraNews

Back to top button