БастыСпорт

Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына өтті

Қазақстандық танымал теннисші Александр Бублик "Ролан Гаррос" турнирінің ширек финалына шығып, үлкен жетістікке қол жеткізді.

Сайыстың 1/8 финалында Бублик әлемнің бесінші ракеткасы, Ұлыбританиялық теннисші Джек Дрейпермен кездесті. Тартысты өткен матчта қазақстандық спортшы қарсыласын төрт сетте жеңіп, алғаш рет осы турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Ойын нәтижесі 5:7, 6:3, 6:2, 6:4 есебімен Александр Бубликтің пайдасына шешілді. Бұл жеңіс оның кәсіби спорттық мансабындағы маңызды қадамдардың бірі болды.

TuraNews

Back to top button