БастыСпорт

Александр Бублик Галледегі ATP 500 турнирінің екі дүркін чемпионы атанды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик үшін немістің Галле қаласы тағы да сәтті болды – ол беделді ATP 500 Terra Wortmann Open турнирінде жеңіске жетті.

Тартысты финалда Бублик ресейлік Даниил Медведевті 6:3, 7:6(7:4) есебімен жеңді. Бұл матч турнирдің нағыз көркіне айналды, ал қазақстандықтың жеңісі оның шеберлігі мен тұрақтылығын айғақтап берді. Айта кетерлігі, Бублик 2023 жылы да Галледегі финалда тағы бір ресейлік Андрей Рублевті жеңіп, чемпион атанған болатын.

Бұл Бубликтің 2025 жылғы маусымдағы алғашқы жеңісі және мансабындағы бесінші ATP титулы. Ол бұған дейін келесі турнирлерде жеңімпаз атанған:

  • ATP 250 Монпелье (2022),
  • ATP 500 Галле (2023),
  • ATP 250 Антверпен (2023),
  • ATP 250 Монпелье (2024).

TuraNews

Back to top button