Әлем

Албанияда студенттер өз елінде 5 жыл жұмыс істеуге міндеттейтін заңға қарсы шықты

Албаниялық медицина студенттері оқуын аяқтаған соң 5 жыл өз отанында жұмыс істеуге міндеттейтін заңға қарсылық білдіруде, деп хабарлайды Еuronews.

Тирана медициналық университетінің студенттері парламент ғимараты алдындағы наразылық шеруінде жаңа оқу жылына бойкот жариялады. Олар оқуын бітірген соң Албанияда 5 жыл жұмыс істеуге міндеттейтін заңның жойылуын талап етіп отыр.

«Бұл заң жобасы әділетсіз және конституцияға қайшы, ол адам құқығын бұзады», — дейді наразылық білдірушілердің бірі.

Білім министрлігінің мұндай шешім қабылдауының басты себебі – ақыл-ойдың кетуі. Еуропадағы албаниялық дәрігерлер қауымдастығы жариялаған мәліметтерге сәйкес, тек соңғы онжылдықта 3040 дәрігер елден көшіп кеткен.

«Заң конституцияға қайшы емес, заң ешкімді мәжбүрлемейді. Заң таңдау береді», — дейді Албанияның Білім және спорт министрі Эвис Куши.

Алайда бұл шешім медицина студенттеріне ұнамады. Олардың алдында екі нұсқа тұр: не келісімшартқа отыру, не оқу ақысын толығымен төлеу.

Дәрігерлер студенттерді Албанияда қалдырудың балама жолдарын табу керек дейді.

«Студенттерге жұмыс істеуге жағдай жасалуы керек. Мұндай шаралар бүкіл әлемде қабылдануда», — дейді дәрігер Кита Саллабанда.

Бір айдан астам уақытқа созылған наразылықтар әзірге нәтиже бермеді: Парламент қазан айында жаңа оқу жылынан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс заң жобасын мақұлдады.

Via
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button