Мәдениет

Академия президенті Қазақстанның Оқу-ағарту министрімен кездесті

26 қаңтарда Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен кездесті.

Кездесуде тараптар түркі әлеміндегі орта білім беру жүйесі бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылап, оқу үрдісіндегі маңызды бағыттар жөнінде пікір алмасты.

Кездесуде Ш. Мустафаев былтыр Астана қаласында өткен Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің кезекті V отырысында қабылған «Ортақ түрк тарихы», «Ортақ түрк әдебиеті» және «Түркі әлемі географиясы» оқулықтарын мектеп бағдарламаларында белсенді оқыту жөнінде ойын ортаға салды.

Өз кезегінде Ғ. Бейсембаев оқу жүйесіндегі басым бағыттарға тоқталып,  өскелең жас ұрпақтың терең ортақ тарихын біліп, түркі елдері арасындағы бауырластық байланыстарға ынта қойып өсуінің маңыздылығын атап өтті. Осы орайда, министр Академияның аталған бағытта атқарып жатқан жұмыстарына оң баға беріп, алдағы бастамаларына қолдау білдіретінін жеткізді.

Кездесу соңында Ш. Мустафаев Оқу-ағарту министріне көрнекті ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында Түркі академиясы басып шығарған еңбектерін тарту етті.

TuraNews

Back to top button