БастыЭкономика

Air Astana компаниясына айыппұл салынды

Халықтың авиабилет бағасының үздіксіз өсімін қатты сынға алуы аясында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі көлік прокуратурасы органдарымен бірлесіп, Air Astana қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды Turanews.kz.

Тексеру қорытындысы бойынша Эйр Астана іс-әрекетінде авиатасымал нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері әшкере болып, әрбір авиабилеттен жанармай алымын негізсіз алғаны анықталды.

8 маусымда Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік ауданаралық соты Эйр Астанаға 6,7 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

TuraNews

Back to top button