Қоғам
Air Astana Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп Дубайға рейстерді орындайтын болады
Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият талдағаннан кейін және Қазақстанның Авиациялық Әкімшілігінің ұсынысы бойынша Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, Дубайға ұшуды орындауға шешім қабылдады.
Осыған байланысты Астана мен Алматыдан Дубайға рейстердің бағыттары өзгертіліп, ұшу уақыты ұзарады.
«Жиддаға рейстер өзгеріссіз орындалады, бірақ өңірдегі әскери әрекеттер күшейген жағдайда қайта қаралатын болады. Қажет болған жағдайда әуекомпания ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша өзгерістер енгізетін болады», — делінген әуекомпания хабарламасында.