Айя-Софияға бес жылда 40 миллион адам келді
Соңғы бес жыл ішінде Түркияның ең танымал тарихи ескерткіштерінің бірі – Айя-София мешітіне 40 миллионнан астам адам келген. Бұл туралы Түркияның мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой хабарлады.
Министрдің айтуынша, 2020 жылы қайтадан мешіт мәртебесіне ие болған Айя-Софияға күн сайын шамамен 50 мыңға жуық келуші кіреді.
«Бұл көрсеткіш кейбір Еуропа елдерінің халқы санымен тең. Айя-София – біздің ұлттық мақтанышымыз әрі әлемдік мұраның басты нысандарының бірі», – деді Эрсой.
Қазіргі уақытта ғимаратта ауқымды реставрация жұмыстары жүріп жатыр. Жаңғырту аясында жасанды интеллектке негізделген қауіпсіздік жүйесі орнатылып, бейнебақылау күшейтілді. Сондай-ақ ішкі залдар жөнделіп, басты күмбез бен минареттерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.