Қоғам

Әйелдерге арналған вагондармен 80 мыңнан астам жолаушы сапарлаған

Биылғы жыл басынан әйелдер вагондарында жол жүру мүмкіндігін 80 мыңнан астам әйел-жолаушы пайдаланған, ал пилоттық жоба іске қосылғалы – 200 мыңнан астам, деп хабарлайды Turanews.kz «Қазақстан темір жолының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда әйелдерге арналған вагондар 8 бағыттағы пойыздарда бар: Алматы – Өскемен, Алматы – Маңғыстау, Павлодар – Түркістан, Маңғыстау – Семей, Атырау – Астана, Ақтөбе – Алматы, Астана – Алматы, Астана – Шымкент.

bilet.railways.kz сайтында немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның билет кассаларында жол жүру құжаттарын ресімдеу кезінде әйелдерге арналған вагон «ЖН» арнайы литерасымен белгіленеді.

Вагондарда барлық қажетті жағдай жасалған және әйел жолсеріктер қызмет көрсетеді. Әр рейс алдында пойыз бригадасының барлық қызметкерлері нұсқаудан өтеді. 7 жасқа дейінгі ұл балалар да аталған құрамда сапарлай алады.

TuraNews

Back to top button