Қоғам
Trending

Әйелдер істері жөніндегі облыстық комиссияның биылғы соңғы отырысы өтті 

Жиында өңірдегі демографиялық ахуал мен отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды. 

Бірқатар оң көрсеткіштерге қарамастан, қатысушылар ажырасу санының артып отырғанын және некеге тұрып жатқан жас шығысқазақстандықтардың отбасылық өмірге дайындық деңгейінің төмендігін атап өтті.

Осыған байланысты қоғамда дәстүрлі отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау қажеттігі айтылды. Әкелер мен ата-аналар кеңестерімен қатар, жастар көбіне пікіріне құлақ асатын блогерлер мен қоғам белсенділерін де отбасы институтын дәріптеуге тарту ұсынылды.

Отырыс барысында демографиялық жағдайға қатысты талдау ұсынылды.

Негізгі үрдістерге тоқталсақ: халықтың қартаюы байқалады, әлеуметтік салаға түсетін жүктеме артып келеді, соңғы жылдары туу көрсеткіші төмендеген, әсіресе 25 жасқа дейінгі жас отбасылар арасында.

 

Аборт жасау жағдайлары әлі де тіркеліп, халықтың табиғи өсімі қысқарған.

Сонымен қатар жалпы және нәресте өлімі деңгейінің төмендегені, сыртқы көші-қон бойынша теріс сальдоның азайғаны атап өтілді.

 

Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов бірқатар нақты тапсырма берді: аудандардың ұсыныстарын ескере отырып, 2026 жылға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлеу; жұмысты орталықтандырылған форматта ұйымдастырып, комиссия құрамдарын қайта қарау; дағдарыс жағдайындағы отбасыларды қолдау шараларын күшейту; комиссияның аудандарға шығуын ұйымдастырып, қаңтар айының ортасына дейін кездесулер кестесін бекіту.

Отбасы институтын қолдауға бағытталған жұмыс алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

TuraNews

Back to top button