Экономика

«Агро кеңес беру орталығы» Түркістан облысындағы фермерлердің мүмкіндіктерін кеңейтеді

Жергілікті фермерлер мен малшылардың ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибесін арттыру мақсатында Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының жанынан «Агро кеңес беру орталығы» құрылып, демонстрациялық алаңдар ашылған болатын. Казіргі таңда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне агротехнологияны тиімді пайдалануға кеңес беру, зиянкестермен күрес шараларын үйрету, шаруаларға тұқым таңдауға ұсыныс беру арқылы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Аталмыш орталық ауыл және мал шаруашылығы саласымен айналысатындарға практикалық нұсқаулар мен білім беру арқылы ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыруға бағытталған.

Егін және мал шаруашылығы өнімдерін ұлғайту үшін фермерлер мен малшылардың егіншілік дағдыларын арттыру өте маңызды рөл атқарады, бұл себепті фермерлер қауымдастығына жан-жақты қолдау көрсету үшін «Агро кеңес беру орталығы» практикалық оқу алаңы ретінде қызмет ететін демонстрациялық алаңдарды құруды бастады.

Сондай-ақ, «Агро кеңес беру орталығы» қазіргі таңда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге агротехнологияларды тиімді пайдалану, зиянкестермен күресу стратегиялары және тұқым селекциясы бойынша сараптамалық ұсыныстарды ұсынып, ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстар жүргізуде.

TuraNews

Back to top button