БастыЭкономика

АДБ Қырғызстанның инвестициялық жобаларына 222 млн доллар бөледі

Азия даму банкі Қырғызстанға мемлекеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру үшін 74,8 млн доллар грант және 147,2 млн доллар жеңілдік несие береді.

2024 жылғы 4 қарашада Бішкек қаласында қол қойылған Қырғыз Республикасы мен Азия даму банкі арасындағы 2025 жылға дейінгі қаржыландыру жоспары туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы заң жобасы Жогорку Кенештің қарауына жіберілді.

Құжатқа сәйкес, АДБ 2025 жылы Қырғыз Республикасында келесі жобалар мен бағдарламаларды алдын ала қаржыландырады:

— Климатқа және апатқа төзімді су басқару жобасын қаржыландыру (ұсынылған қаржыландыру 40 млн доллар);

— қолжетімді әрі энергия үнемдейтін тұрғын үйге қолжетімділікті кеңейту жобасы (65 млн доллар);

— климаттық жағдайлар ескерілген реформа, PBL (50 млн доллар);

— SEFF 2 (Тұрақты энергияны қаржыландыру құралы) шеңберінде Бішкектегі төмен көміртекті муниципалды ғимараттарды қайта жаңғырту жобасы (3 млн доллар);

— SEFF 2 (Тұрақты энергияны қаржыландыру құралы) шеңберіндегі «Кәсіпкерлік қызмет көрсету орталығын дамыту» қызметі (1 млн доллар);

— SEFF 2 (Тұрақты энергияны қаржыландыру құралы) шеңберінде жаңартылатын энергия секторын дамыту жобасы (5 ГЭС-те қалқымалы күн батареясы) (530 мың доллар);

— «Алматы-Бішкек» экономикалық дәлізі: аймақтық шекара қызметін жақсарту жобасы (37,5 млн доллар);

— қоғамдық ғимараттардағы энергия тиімділігі (25 млн доллар).

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button