Спорт

Абат Айымбетов қысқы трансферде «Адана Демирспор» ойыншысы атана ма?

«Абат Айымбетов Түркия чемпионатына ауысады». Маман пікір білдірді.

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Павел Евтеев «Астана» шабуылшысы Абат Айымбетовтің Түркия Суперлигасында ойнайтын «Адана Демирспорға» ауысуы мүмкін екендігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Айымбетовтің медициналық тексерістен өту үшін Түркияға кеткенін естідім. Мықты чемпионатта өзін сынап көруге жақсы мүмкіндік. Соңғы кездері ол «Астанада» көп алаңға шыққан жоқ. Егер Абат ауысса, жаңа командада, жаңа чемпионатта өзін көрсетуге мүмкіндік алады. Оған шамасы жетеді, — деді маман.

Айта кетейік, 2023 жылғы маусымда Қазақстан премьер-лигасында Абай Айымбетов сапында 25 матчқа қатысып, 8 гол соқты және үш нәтижелі пас берді.

 

TuraNews

Back to top button