БастыМәдениет
Trending

«Абай жолы» музыкалық кеші – Секен Тұрысбеков пен “Ақ жауын”

2025 жылғы 4 тамызда Семей қаласындағы Абай атындағы театрда қазақ руханияты мен музыкалық өнердің биік тоғысуына айналған ерекше кеш өтті. 

Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай жолы» атты музыкалық бағдарлама көрермен жүрегіне терең әсер қалдырды.

Музыкалық кештің басты қонағы – Қазақстанның халық әртісі, әйгілі күйші-композитор Секен Тұрысбеков болды. Оның орындауындағы сырлы күйлер ұлттық сананың терең қабаттарына бойлатты.

Секен Тұрысбековтің туындылары – халық жанының үнін жеткізетін философиялық мазмұнға толы шығармалар.

Кештің көркемдік деңгейін арттырған тағы бір ұжым – «Ақ жауын» оркестрі. Ұлттық аспаптар ансамблі Абай мұрасына заманауи музыкалық өңдеулер ұсынып, тыңдарманды ерекше әсерге бөлеп, өнердің жаңа тынысын паш етті.

Көрермендер ұлттық музыканың тереңдігі мен мәніне тағы бір мәрте көз жеткізді.

Бұл рухани шара – Абайдың сөзі мен сарынын жүрекпен тыңдауға үндеген, ерекше мағынаға ие кеш.

TuraNews

Back to top button