Басты

92 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Мемлекеттік қызмет істері азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға баса назар аударады. Бұл бағытта Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің негізгі міндеттерінің

бірі — мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, әкімшілік кедергілерді жою және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту болып табылады.

Қойылған міндеттерді іске асыру аясында Департамент тарапынан жүйелі түрде бақылау және түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі.

Дегенмен, мемлекеттік органдар тарапынан азаматтарға қызмет көрсету кезінде заң бұзушылықтарға жол берілетін жекелеген жағдайлар кездеседі.

Атап айтқанда, негізсіз бас тарту, артық құжаттар талап ету немесе қызмет көрсету мерзімдерін бұзу сияқты кемшіліктер орын алып жатады.

Атап өту қажет, Департаментке жыл басынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселесі бойынша 150-ден аса өтініш келіп түскен.

Жалпы жыл басынан 272 азаматтың құқығы қалпына келтірілді (арыз-шағым-170, сыртқы байқау-102).

Мәселен, ағымдағы жылдың тамыз айында Департаментке

92 қызмет алушының қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылғаны жөніндегі ұжымдық арызы келіп түскен.

Анықталғандай, 2023 жылғы 3 мамыр — 18 шілде аралығында қызмет алушылармен «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын айқындау үшін тиісті бөлімге өтініштер берілген.

Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 168 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» қағидасымен реттеледі (бұдан әрі – Қағида).

Өз кезегінде, Депаратменттің тексеру барысында бөліммен Қағида талаптары бұзылып, қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылғаны анықталды.

Сонымен қатар, алдын ала шешім жобасы жолданбай, тыңдау рәсімдері өткізілмеген.

Нәтижесінде, тексеру қорытындысымен анықталған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау туралы бөлімге ұсыну енгізілді.

Осы орайда, Департаменттің ықпалымен 92 қызмет алушыға жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау туралы анықтамалар ұсынылып, қызмет алушылардың құқытары қалпына келтірілді.

Айта кету қажет, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне Жаңа қала ықшам ауданы 32 көше, 16 ғимарат мекен-жайы бойынша жазбаша түрде, не электрондық түрде «электрондық үкімет» порталы немесе «Е-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы және «Kenes 1414 officiall» тelegram-бот арқылы жүгіне аласыздар.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері Департаменттің тұрақты бқылауында.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

Абылайхан Дағыстанұлы НАУРЫЗБАЕВ

 

 

 

TuraNews

Back to top button