
Түркия суперлигасының 14-турында елдің басты дербиі — «Фенербахче» мен «Галатасарай» арасындағы кездесуі өтті. Еуропадағы ең қызу дерби тең нәтижемен аяқталды — 1:1, дегенмен ойын айналасындағы оқиғалар мүлде тыныш болмады деп жазады sport24.kz сайты.
Алғашқы таймда Лерой Сане бұрынғы әріптесі Эдерсонның қақпасына доп соғып, «Галатасарайды» алға шығарды. «Канарейкалар» ұзақ уақыт бойы есепті теңестіруге тырысып, тек бесінші қосымша минутта алаңға шыққан Джон Дуранның дәл соққысының арқасында жеңілістен құтылды.
Бұл тең нәтижеден кейін турнирлік кестеде «Галатасарай» 33 ұпаймен көш бастап келеді.
Ал екінші орында келе жатқан «Фенербахче» де 32 ұпайға ие болды.
Бұл матчта жанкүйерлер арасындағы жанжал да орын алды, мұндай жайт мұндай дербиде үйреншікті жағдай.— үйреншікті жағдай.
Түркия суперлигасы. 14-тур
“Фенербахче” – «Галатасарай» – 1:1
Голдар: Сане, 27 (0:1); Дуран, 90+5 (1:1)



