Қоғам

7,3 мың шетелдік Қазақстанда заңсыз жүрген

ҚР Ішкі істер министрлігі елдегі көші-қон заңнамасының сақталуын тексеріп, жедел-алдын алу шарасын өткізді, деп жазады Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Полиция шетелдіктердің тұратын жерлерін, құрылыс нысандарын, базарларды, шетелдіктерді жалдайтын ұйымдар мен жұмыс берушілерді тексерді.

«Операцияның 6 күнінде көші-қон заңнамасының 11 мың бұзушылығы анықталды. Оның ішінде 7331 шетелдік елде болу мерзімін бұзған, шетелдіктердің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырудың 2400 фактісі тіркеліп, 507 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Өздеріне келген шетелдіктер туралы полицияны уақтылы хабардар етпегені үшін 2536 жеке және заңды тұлға жауапқа тартылды», — деді ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек апталық брифингте.

Ведомство өкілі шетелдіктерді қабылдаушы тарап өздеріне келген шетелдік туралы ішкі істер органдарына хабарлауға міндетті екенін еске салды.

TuraNews

Back to top button