ӘлемБасты

7 тамыз Грузияда қаралы күн болып жарияланды

Грузияның Шови курортында болған қайғылы жағдайға байланысты 7 тамыз елде қаралы күн болып жарияланды, деп АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап Turanews.kz жазады.

Агенттік мәліметінше, бұл туралы Грузияның премьер-министрі Ираклий Гарибашвили мәлім еткен.

Айта кетейік, Шовидегі көшкіннен 7 адам қаза тапты. Жер астында қалған 30 адам әлі іздестіріліп жатыр. 140 адам, соның ішінде балалар эвакуацияланды.

Бұған дейін Грузияның Рача биік таулы аймағында көшкін жүріп, «Сансет Шови» қонақ үйінің аумағынан 70 адам құтқарылғаны хабарланған.

Via
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button