Басты

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Бүгінгі 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын!

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бастап ел күнтізбесінде жаңа мемлекеттік мерекелер пайда болды. Солардың бірі ел аумағы мен оның тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскери күштердің – Отан қорғаушылардың кәсіби мерекесі болып табылады.

Бұл күн –  елдің қауіпсіздігі мен оны қорғауды, сондай-ақ тәуелсіздікке қауіп төнген сәтте кез келген сыртқы агрессиядан қорғап, бейбіт өмірді қамтамасыз ете алатын барлық әскери қызметшілер мен тыл қызметкерлеріне арналған. Осыған орай, ел тұрғындары барлық ер-азаматтарды осы атаулы күнмен құттықтайды.

1992 жылы 7 мамырда ұлттық қарулы күштерді құру туралы жарлыққа қол қойылды. Осы тарихи оқиғаға байланысты жыл сайын аталып өтілетін мерекеде әскери қызметкерлерге шендер мен наградалар табыстау дәстүрге айналған. Отан қорғаушылар күні — «Қазақстан Республикасының мерекелер туралы» Заңында көрсетілген тоғыз ресми мерекенің қатарына кіретін мемлекеттік мереке.

Таусылмас бақыт, мол ырыздық тілейміз. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз кең, терезелеріңіз тең болсын. Әрқашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын.

 

TuraNews

Back to top button