540 мың қазақстандық студент AI-Sana бағдарламасы аясында ЖИ базалық дағдыларын игерді
2024 жылғы 11 желтоқсанда Мемлекет басшысы барлық студентке жасанды интеллектінің негізгі дағдыларын үйретуге бағытталған AI-Sana бастамасын іске асыруды тапсырды.

Қазір бағдарлама бірнеше кезеңдерді қамтиды: негізгі және одан кейінгі үш деңгей. 650 мың студенттің 540 мыңға жуығы Astana Hub, Google, Coursera және Huawei платформаларында жасанды интеллектіні басқару бойынша базалық курстардан өтті. Келесі кезеңде кәсіпкерлікке, бағдарламалауға, сондай-ақ жасанды интеллект пен машиналық оқыту негіздерін игеретін 100 мың студентті іріктеу жоспарлануда. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова айтты.
Спикер атап өткендей, бағдарламаның 60 мың түлегі екінші кезеңге өтеді, оның шеңберінде олар өз жобаларын әзірлеп, бизнеске бағытталған дағдыларды дамытады.
«Осы бағдарламаның қорытындысы бойынша келесі жылдың соңына қарай біздің студенттер Alem.ai-да бағдарлама акселерациясы мен алдын ала акселерациясы кезеңінен өтуі үшін 1,5 мың жоба мен идея жасайды деп болжануда. Alem.ai ағымдағы жылдың 1 қазанында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен әзірленді. Біздің мақсатымыз-ұлттық білім беру жүйесін студенттер үшін ауқымды алаңға айналдыру және Alem.ai-ды кадрлармен қамтамасыз ету. Біз студенттердің негізгі AI дағдыларын меңгеріп қана қоймай, оларды тиімді қолдана және басқара алуын қалаймыз», — деп атап өтті Динара Щеглова.
Сонымен қатар студенттер түрлі платформада білім алады және тиісті сертификаттарға ие болады. Сондай-ақ вице-министр жасанды интеллектіні басқарудың базалық дағдыларын меңгергеннен кейін 80-ге жуық ЖОО-ның студенттері университеттермен бірлесіп өздерінің ЖИ-агенттерін әзірлеуге кіріскенін хабарлады.