«Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімге қол қою туралы» Президент Жарлығының жобасы Мемлекет басшысының қарауына енгізіледі. Келісім құжаты «Ашық» НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды Turanews.kz.
«Түркі инвестициялық қорын құру өзара мүдделі салалардағы даму жобаларын қолдауда цифрлық инфрақұрылым, өнеркәсіптік өндіріс, инфрақұрылым, көлік, ауыл шаруашылығы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жасыл экономика, туризмді қоса алғанда, өңірішілік сауданы дамытуға, шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыруға, көліктік-логистикалық тізбектерді, сақтау және өндірістік қуаттарды кеңейтуге қолдау көрсетуге, физикалық және өндірістік қорларды құруға және жаңғыртуға ықпал етеді. Баяндалғанның негізінде Үкімет «Түркі инвестициялық қорын құру туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасын қарауға енгізеді», — деп жазылған құжатта.
Түркі инвестициялық қорының жарғылық капиталы Қордың жарғылық капиталы 500 миллион АҚШ долларын құрайды. Жарғылық капитал әрқайсының номиналды құны 50 мың АҚШ доллары болатын 10 мың акцияға бөлінуге тиіс. Сәйкесінше, жарғылық капиталдың бестен бір бөлігін, яғни 100 млн АҚШ долларын Қазақстан құяды.
Айта кетейік, аталған қорды құру туралы шешімді Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан басшылары 2021 жылғы 12 қарашада Ыстамбұл қаласында қабылдаған болатын.