БастыЭкономика

5 елде Қазақстанның сауда өкілдіктері құрылады

Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде, Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай, Түркия, Үндістан және Иран елдерінде сауда өкілдіктерін құру идеясы туралы айттылды. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Сауда және интеграция министрлігіне бұл мәселені пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды Turanews.kz Қазақпарат агенттігіне сілетеме жасап.

«Халықаралық тәжірибе экспортты сауда өкілдері арқылы ілгерілетудің тиімді екенін көрсетіп отыр. Қазақстанның Азия мен Еуропа нарығына жасайтын экспорт көлемін арттыруға мүмкіндігі мол. Осыған байланысты Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай, Түркия, Үндістан және Иран сияқты елдермен жұмыс істейтін сауда кеңесшілерін тағайындау мәселесі пысықталып жатыр», – деді Премьер-Министр.

Оның сөзінше, Қазақстан аталған 5 мемлекетке қосымша 4 млрд долларға дейін экспорт жасай алады.

«Экспортты одан әрі қолдай түсу үшін аталған елдердегі сауда өкілдіктерін құруды тапсырамын», – деді Әлихан Смайылов алқа отырыста.

TuraNews

Back to top button