Әлем
333 миллион бала «өте кедей» шарттарда өмір сүруде
Әлемдегі балалардың шамамен алтыда біріне дөп келетін 333 миллион бала асыра кедейлікте өмір сүріп жатыр.
БҰҰ-ның Балалар қоры ЮНИСКЕФ пен Әлемдік банк «Халықаралық аштық шегіне сәйкес кедейлікте өмір сүретін балалар» атты есеп дайындады.
Осы есепке қарағанда, күніне 2,15 доллар шегінен төмен өмір сүретін, «асыра кедейлікте» деп қабылданатын бала саны 2013 жылдан 2022 жылға дейін 13 пайыз азайып, 383 миллионнан 333 миллионға төмендеген.
Жер бетіндегі өте кедей балалардың 40 пайызы Сахара Африкасында тұрады. Осы аймақта 2013 жылы 54,8 пайыз болған бала кедейлігі 2022 жылы 71,1 пайызға көтерілген.
ЮНИСЕФ пен Әлемдік банк үкімет пен азаматтарды балалар үшін күресуге шақырды.