Әлем

300 адам мерт болған митинг: Бангладеш премьер-министрі отставкаға кетті

Мыңдаған адам жеңісті мерекелеу үшін көшеге шығып, көпшілігі премьер-министрдің ресми резиденциясына басып кірді.

Бангладеш армиясының қолбасшысы ел премьер-министрі Шейх Хасина бірнеше аптаға созылған қанды демонстрациялардан кейін отставкаға кеткенін хабарлады. Оның көмекшісі Хасина Даккадан тікұшақпен ұшып кеткенін айтты, деп жазады Aljazeera.

Армия қолбасшысы генерал Вакер-Уз-Заман халыққа жолдауында Бангладешті енді уақытша үкімет басқаратынын мәлімдеп, халықты сабырға шақырды.

Мыңдаған адам жеңісті мерекелеу үшін көшеге шығып, көпшілігі премьер-министрдің ресми резиденциясына басып кірді. Өткен айда үкіметтік жұмыс квоталарына байланысты басталған шерулер бүкіл елдегі толқуларға ұласты.

Хасина бірнеше апта бойы билік басуға тырысқан наразылық кезінде 300 адам қайтыс болғаннан кейін отставкаға кету туралы шешімге келген.

Елді жиырма жылға жуық басқарып келе жатқан премьер-министр бүгін, дүйсенбіде әскери тікұшаққа отырып, елден шығып кеткен. Жексенбі күні түнде болған жантүршігерлік зорлық-зомбылық 100-ге жуық адамның өмірін қиды және коменданттық сағат жарияланды.

Қаза тапқандар арасында 13 полиция қызметкері бар. Олар ел астанасы Даккадан солтүстікке қарай 100 шақырым жерде орналасқан Сираджгандж қаласындағы полиция бөлімшесіне жасалған шабуылда қаза тапты.

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button