
Ата заң елімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамытудың берік негізі болып табылады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Жаңартылған Конституция Қазақстанды жаңғыртудың, құқық қорғау әлеуетін күшейтудің құқықтық негізін қалады.
Барша қазақстандықтарды Конституция күні құтты болсын! Зор денсаулық, бақыт және амандық тілейміз!