Бүл туралы Қазақстан СІМ Ресми өкілі А.С. Смадияров брифинг кезінде мәлімдеді.
Қазақстандық делегацияны Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бастап барады, СІМ-нен Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева қатысады деп жоспарлануда.
«Бұл Форум бүкіл Орталық Азия өңірі үшін ауқымды диалог алаңы. Қазақ делегациясы форум аясында халықаралық қаржы институттары мен рейтингтік агенттіктердің басшылығымен, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің іскер топтары мен сарапшылар қауымдастығымен кездесулер жоспарлауда», — деп БАҚ өкілдеріне берген мәлімдемесінде айтты Смадияров.