Басты
25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі
Бұл – еліміздің тарихындағы маңызды күн. Дәл осы күні 1990 жылы Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды.
Құжатта алғаш рет ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық бағытын өз бетінше анықтау, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттар бекітілді.
Бүгінде ұлттық мереке қазақстандықтардың прогрессивті және әділетті қоғам құруға, еліміздің бүгіні берік мен болашағы табысты болу жолында ерен еңбек етуге деген ұмтылысын білдіреді.
Мереке құтты болсын! Республика күні құтты болсын!