Қоғам

23 наурыз – Тазару күні: Өскеменде экологиялық тазарту акциясы өтті

23 наурызда Өскемен қаласында “Наурызнама” онкүндігінің соңғы күні – “Тазару күні” аясында “Бұлақтың көзін ашу” атты ауқымды экологиялық акциясы өтті.

Бұл күн экология мәселелеріне назар аударуға және мемлекеттің экологиялық проблемаларды шешудегі күш-жігерін ынталандыруға бағытталған.

Наурыз мейрамының басты дәстүрлерінің бірі – бұлақ көзін ашу. Жерге нәр беретін бұлақтар көктемнің келуі мен табиғаттың жаңаруын бейнелейді. Биыл Өскемен қаласының тұрғындары осы ежелгі дәстүрді қолдап, табиғи су көздері мен олардың маңын тазалау жұмыстарын ұйымдастырды.

Наурыз мейрамы ежелден табиғи тазалық идеясын насихаттайды. Бұл мерекенің рухы адамның қоршаған ортамен үйлесімділігін білдіреді, өйткені Наурыз – қыстан көктемге өту, табиғаттың жаңарып, қайта түлеу кезеңі.

TuraNews

Back to top button