
Қазақстандық лоукостер FlyArystan халықаралық бағыттар бойынша әуе билеттеріне жеңілдік науқанын бастағанын хабарлайды.
Науқан аясында билеттер бағасы 23 000 теңгеден басталады. Билет құнына салмағы 5 кг-ға дейінгі және өлшемі 56 х 23 х 36 см болатын бір дана қолжүгі мен борттағы кездейсоқ орын кіреді.
«2025 жылғы 26 мамырдан 29 мамырға дейін билеттерді www.flyarystan.com ресми сайтынан, FlyArystan мобильді қосымшасы мен өзге де сату арналары арқылы сатып алуға болады. Сапарлар 2025 жылғы маусым айынан қараша айының соңына дейінгі кезеңді қамтиды», – делінген хабарламада.
Науқан аясындағы билеттер келесі халықаралық бағыттарға қолжетімді:
- Атырау – Кутаиси – Атырау (маусым айында – дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері; шілдеде – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады; тамызда – дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі; қыркүйек айында – дүйсенбі, бейсенбі және сенбі; қазан айында – бейсенбі және сенбі күндері орындалады);
- Қарағанды – Ыстанбұл– Қарағанды (сәрсенбі және жұма күндері);
- Атырау – Ташкент – Атырау (шілде-тамыз айларында – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері; қыркүйек-қазан айларында – дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері орындалады)
- Алматы – Тамшы (Ыстықкөл) – Алматы (бейсенбі және жексенбі күндері);
- Ақтау – Ыстанбұл – Ақтау;
- Ақтау – Кутаиси – Ақтау.