
Алдағы үш күнде Қазақстанда жаңбыр жауады; тұман түсіп, жел күшейеді, деп жазады Turanews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
«Еліміздің алдағы үш күнгі ауа райын Қара теңіз аудандарынан келетін циклон анықтайды, ол батыстан шығысқа қарай жылжып, жаңбыр түрінде жауын-шашын тудырады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде найзағай жарқырап, шаңды дауыл соғуы мүмкін», – делінген синоптиктердің хабарламасында.