Қоғам

2025 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурстық өтінімдерді қабылдау басталды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру бойынша конкурстың басталғанын жариялайды.

Грант берудің мақсаты — белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа идеялар мен бастамаларды мемлекеттік қолдау.

📌2025 жылы республикалық деңгейде 3 млн. теңгеден 30 грант берілетін болады.
Грантқа 14 жастан бастап 35 жасқа дейінгі (34 жасты қоса алғанда)

Қазақстан Республикасының азаматы үміткер бола алады.
Грант мынадай 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін конкурстық негізде беріледі:

«Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;

«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;

«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;

«Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;

«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;

«Волонтерлік» – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды)іске асыруға арналған.

Конкурстық өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 16 маусымнан бастап 18 тамыз аралығында (бұл ретте, а.ж. 18 тамыз, сағ.: 24:00-ге дейін) t.urpaktary25@gmail.com электронды поштасы арқылы жүзеге асырылады.

Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-12-788 706-618-07-23 (жұмыс күндері,
сағ. 9:00-ден 18:30-ға дейін).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі (мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде):
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық өтінім (PDF форматы);
2) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы (word форматы);
3) Жоба бойынша бейнематериал (60 секундтан аспайтын) немесе презентация
(10 слайдтан аспайтын);
4) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы
(word форматы);
5) Зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса, PDF форматы);
6) Жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі (PDF форматы).

TuraNews

Back to top button