БастыЭкономика
Trending

2025 жылғы 7 айдағы бюджетке түсетін түсімдердің қорытындысы

Бүгін Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде кезекті брифинг өтті.

Брифингте Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті елдің әлеуметтік, экономикалық және әкімшілік міндеттерін жүзеге асырудың негізгі қаржылық құралы болып табылады. Бюджетке түсетін түсімдер – мемлекет қазынасына заңнамаға сәйкес әртүрлі көздерден келіп түсетін қаражаттар жиынтығы, олар бюджет кірісінің негізін құрайды.

Қазақстанда бюджет екі деңгейден тұрады:

  • Республикалық бюджет – ел аумағында қызмет ететін орталық мемлекеттік органдардың жұмысын қаржыландыруға арналған.
  • Жергілікті бюджеттер – облыс, аудан, қала және ауыл деңгейінде қалыптасып, жергілікті басқару органдарының қажеттіліктерін өтейді.
  • Жергілікті бюджеттер: облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар), аудандық және ауылдық бюджеттер болып бөлінеді.

Ал мемлекеттік бюджет – республикалық және барлық деңгейдегі жергілікті бюджеттердің жиынтығы болып табылады.

Түсімдердің негізгі түрлері

Бюджетке түсетін түсімдер бірнеше негізгі санаттарға бөлінеді:

  • Салықтық түсімдер – қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, акциздер, жер салығы, көлік салығы және т.б.
  • Салықтық емес түсімдер – мемлекеттік баждар, лицензиялық төлемдер, айыппұлдар мен өсімпұлдар, мемлекеттік қызметтерге төлемдер.
  • Капиталмен жасалатын операциялардан түсетін түсімдер – мемлекеттік мүлікті, жерді сату және жекешелендіру.

Трансферттік түсімдер – бюджетаралық қаржылық көмек: субвенциялар, дотациялар, нысаналы трансферттер.

2025 жылдың 7 айындағы қорытынды

2025 жылдың қаңтар–шілде айлары аралығындағы бюджетке түсімдер бойынша келесідей нәтижелер тіркелді.

Мемлекеттік бюджет бойынша салықтық түсімдердің жоспары 219,2 миллиард теңге болып белгіленді, ал нақты орындалуы 151,9 миллиард теңгені құрап, 102,4% деңгейінде орындалды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 миллиард теңгеге артық.

Республикалық бюджетке түскен салықтық түсімдер көлемі 83,1 миллиард теңге болды.

Жергілікті бюджет бойынша жоспарланған түсім 63,9 миллиард теңге болса, нақты түсім 68,8 миллиард теңгеге жетіп, 107,7% деңгейінде орындалды. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,6 миллиард теңгеге артық, яғни 118,2%.

Бюджетке түсетін түсімдер – мемлекеттің тұрақты дамуының қаржылық негізі. Бұл түсімдер халық пен бизнес өкілдерінің ортақ жауапкершілігі арқылы қалыптасып, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға, инфрақұрылымды дамытуға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталады.

TuraNews

Back to top button