Басты

2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы 2 есе ұлғаяды

2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы 2 есе ұлғаяды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Turanews.kz.

«Студенттердің шәкіртақысын 2025 жылға дейін 2 есе ұлғайту жоспарланған. Сонымен қатар 2025 жылдан кейін де келесі кезеңге дәл осындай өсім болады. Сондықтан бюджеттен қаржыландырудың қажетті көлемін қарастыру маңызды. Біз жоғары оқу орындары шәкіртақыны және оқытушы-профессор құрамының жалақысын сапалы түрде арттыру үшін гранттар құнын да кезең-кезеңімен арттырамыз», — деді Саясат Нұрбек министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Сонымен қатар ол барлық студент әлемдік цифрлық кітапханаға тегін қол жеткізуге мүмкіндік алатындығын айтты.

«Қазірдің өзінде Coursera корпорациясымен келісімге қол қойылды. 16 қаңтардан қаржыландырудың алғашқы кезеңіне шығамыз. Сондықтан осы жылдың өзінде-ақ қазақ және орыс тіліне аударылған Coursera-ның бірінші курстары университеттерімізге қолжетімді болады. Бұл ресурстарды дұрыс пайдалану керек. Ең бастысы мұндай курстарды оқытушыларымыз өздері жасай алуы үшін олардың біліктілігін арттыруды бастау қажет», — деді министр.

TuraNews

Back to top button