Экономика

2024 жылы Қазақстан ішкі нарықты өз алмасымен толық қамтамасыз етеді

Бүгін Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев алма бақтарының аумағын көбейтуге қатысты түсінік берді, деп ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.

«Министрлік бау-бақша шаруашылығын дамытуда үлкен әлеуетті көріп отыр. Бұрын қойылған міндеттердің бірі – алма бойынша елімізді толық қамтамасыз ету. Мәселен, 2014 жылдан бастап инвестициялық субсидиялар енгізіле отырып, өнеркәсіп деңгейіндегі алма бақтарының алаңы 7,2 мың гектарға өсіп, 28,9 мың гектарға дейін жетті», – деді Е. Қарашөкеев.

Сонымен қатар ол ұйымдасқан шаруашылықтардағы жалпы өнім 92 мың тоннадан 205 мың тоннаға дейін 2,2 есеге өскенін айтты..

«Жалпы, аталған кезеңде барлық алма бақтарының алаңы 30,3 мың гектардан 35,7 мың гектарға дейін өсті, ал жалпы өнім 157 мың тоннадан 267,9 мың тоннаға дейін ұлғайды. 2024 жылға қарай алманың жалпы өнімі 352,5 мың тоннаға дейін жеткізіледі. Бұл тұрғыда ішкі нарыққа қажет көлем толық қамтамасыз етіледі», – деді министр

TuraNews

Back to top button